383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада XV халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

  • 292
Елордада XV халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді BNews.kz

Отандық кино саласына көптеген жаңалықтар енеді.

Бұл туралы «Еуразия» кинофестивалінің төрағасы Ермек Тұрсынов мәлімдеді. Сонымен қатар ол 30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтетінін хабарлады. Негізгі байқауға Қытай, Франция, Ресей, Македония, Италия, Австралия сынды елдердің үздік туындылары енген. Ал Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Жапония елдері қысқа метражды фильмдер бәсекесінде бақ сынайды. Айта кету керек,  отандық туындылар екі байқауда да бой көрсетеді.

Ермек Тұрсынов, «Еуразия» кинофестивалінің төрағасы:

– Қазір кино саласында әлемдік өзгерістер болып жатыр. Біз өркениетті ел боламыз десек, кино саласына өзгерістер енгізу керекпіз. Тәжірибелі менеджерлер келеді. Олармен ақылдасамыз. Мүмкін көптеген келісімге қол жеткіземіз.

Джей Футлик, «Жаһандық саясат бастамалары» компаниясының президенті /АҚШ/

– Қазақстандық киноның даму кезеңі әлі алда деп ойлаймын. «Кинематография туралы» заң қабылданыпты. Бұл үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.  Қазақстан – нағыз кино түсіруге қолайлы ел. Біздің елдеріміз көптеген бірлескен кино жобаларды жемісті жүзеге асыратындығына сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы