383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Қасым хан туралы телехикая түсіріледі

  • 325
  • UPD: 23:16, 17.06.2019

Түркістан облысының Отырар ауданында «Қасым хан» туралы көп сериалы фильм түсіріледі.

Оны түріктің атақты режиссёрі,  «Ертұғырыл» сериалының авторы Гюнай Метин таспалайды. 75 бөлімнен тұратын туынды жылдың 4 мезгілін қамтиды. Ал түсірілімі 3 жылға созылып, еліміздегі Отырар төбе, Сауран, Сарайшық қалаларында өтеді. Бұл туралы Отырар төбені арнайы барып көрген фильм режиссерінің өзі айтты. Жергілікті тарихшылар мейманға даңқты қаланың тарихы мен еліміз үшін маңызы жайында айтып берді. Метин Гюнай Қазақстанға Елбасының шақыруымен келген. Оның пікірінше, Қасым хан жайлы киноның сценарийі дайын. Жоба күрделі әрі ауқымды болғандықтан әзірлік жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Киноға тек қазақстандық актерлар түседі. Кастинг жуық арада жариялануы тиіс. Түсіндірілімде киілетін киімдер арнайы таныстырылады. Жалпы осы туынды арқылы Отырар, Сарайшық, Сауран секілді тарихи қалаларымызды бүкіл әлемге таниту көзделген.

Метин Гюнай, Қасым хан сериалының ресжиссері:

- Ата топырағымызға келгеніме қуаныштымын. Осы өлкені маған таныстырған ағайынға алғысым шексіз. Біздің тарихымыз ортақ. Тарихи тұлғаның өмірі жайлы түсірілім бастауды қолға алып жатырмыз. Дәл қазір біздің түсірілімге келетін ыңғайлы орындармен танысып жатырмыз. Үлкен іс жасауды жоспарлағандықтан шынайы, тарихи жерлерді қарастырудамыз. Тағы да үш мекен жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы