383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжіне 60 жыл толды

  • 209
  • UPD: 23:21, 19.06.2019

Торқалы тойдың құрметіне колледждің өнер ұжымы елордада үлкен концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. 

Домбырашылар күй шертіп, әншілер классикалық және дәстүрлі музыка туындыларын орындады.

Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», Құрманғазының «Серпер» күйі. Атырау музыка колледжінің есептік концерті қазақтың төл туындыларынан басталды. Білім ордасының 160-тан астам шәкірті елорда төрінде өнер көрсетті.

Гүлнәр Садуақасова, колледж директоры:

- Сарыарқаның төріне келіп үлкен концерттік бағдарламамызды ұсынғалы отырмыз. Бұл жерде үлкен ұжымдар бар. Халықтық атағы бар ұлттық аспаптар оркестрі, хор, камералық хор, фольклорлық ансамбльдер, жетігеншілер тобы, дәстүрлі әншілеріміз үлкен бағдарлама ұсынғалы отыр.

Дина Нұрпейісова атындағы оқу орнының ерекшелігі, балаларға тегін білім береді. Елбасының әлеуметтік бастамасы негізінде студенттер заманауи жатақханамен де қамтылған. «Көпжылдық тарихы бар білім ордасының беделі жоғары. Біздің түлектер әрдайым сұраныста», – дейді мекеме басшысы.

Меруерт Уәли, түлек:

- Мен академияға түскенде музыкалық білімсіз келгенмін. Ештеңе білмегенмін, ноталарды да танымағанмын. Апайлардың, мұғалімдердің арқасында мен көп нәрсені білдім, үйрендім. Біз алдыңғы жылы «Рухани жаңғыруға» байланысты Италияның үш қаласында және Түркияның үш қаласында өнер көрсеттік.

Өнер ордасы көптеген дарынды жастардың жолын ашты. Музыка академиясын тәмамдаған танымал өнер адамдары да аз емес. Олардың  қатарында белгілі музыканттар Ринат Гайсин, Бауыржан Ақтаев, ҚР мәдениет қайраткері, дирижер Айтқали Жайымов бар.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы