383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» телеарнасы журналистер туралы телехикая көрсетеді

  • 269
«Хабар» телеарнасы журналистер туралы телехикая көрсетеді

Байланыс және ақпарат қызметкерлері (журналистер) күніне орай «Хабар» арнасы британиялық BBC One телеарнасының«Пресса» телехикаясын көрсетеді. 6 бөлімді туындыны көрермендер 24-28 маусым аралығында сағат 21:30-да тамашалайды.

Картинаның оқиға желісі бойынша The Herald  газеті The Post таблоидымен бір ғимаратта отырады. The Herald қызметкерлері журналистиканың принциптерін ұстанса, екінші басылым оқырмандар санын арттыру үшін этика ережелерін бұзып, жалған ақпарат таратуға әзір. Бәсекелес басылымдар күрделі мәселелер мен сан алуан проблемаларды шешу барысында кездеседі. Ортақ ақпарат, дегенмен The Herald мақсаты – шындықты айту, ал The Post оқырмандардың көңілін көтеруді өз міндеті деп біледі.     

Телехикаяда екі басты кейіпкер бар: The Post-тың бас редакторы Дункан Аллан, ол үшін жұмыс бірінші орында және The Herald газетінің жаңалықтар бөлімінің редакторы Холли Эванс. Сонымен қатар туындыда медианың digital заманына және ақпарат ағынына бейімделу барысы да сөз болады.

Картинаның авторы - Майк Бартлетт («Доктор Фостер»), басты рөлдерді Бен Чаплин («Сноуден», «Именинница»), Шарлотта Райли («Грозовой перевал», «Острые козырьки») және Дэвид Суше («Пуаро Агаты Кристи») ойнайды.

«Пресса» телехикаясындағы газеттер ойдан шығарылған, дегенмен сыншылар, сериалдағы басылымдар The Sun таблоиды және The Guardian газеті (Британияның танымал басылымдары) болуы мүмкін дейді. Телехикаяның режиссері Том Вонның айтуынша, басылымдардың айқын прототипі жоқ, алайда түсірілімнен бұрын шығармашылық топ әртүрлі басылымдардың жұмысымен танысып, әрқайсысынан қызықты тұстарын алған.  

Хабар 24 телеарнасы