384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Екінші Еуропалық ойындардың ашылу салтанатында өнер көрсетті

  • 253
  • UPD: 09:48, 22.06.2019

Беларусь астанасында ІІ Еуропа ойындарының  ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысып, ән шырқады.

БЕЛТА агенттігінің хабарлауынша,  салтанатты шара өтіп жатқан «Динамо» стадионында 20 мыңнан астам жанкүйер жиналған. Айта кеткен жөн, ІІ Еуропа ойындарының ашылу салтанатындағыпродюсер -  композитор Игорь Крутой, қоюшс режиссер Алексей Сеченов. Сондай-ақ осынау аса ауқымды мәдени-спорттық шоуда әлемге танымал опералық әнші Анна Нетребко ән шырқайтын болады.

Айта кету керекк, II Еурпалық ойын Минскіде 21-30 маусым аралығында өтеді. Аса ауқымды спорттық форумға 50 елден 4 мыңнан астам атлет қатысады. Спорт алаңдарындағы тартысты бәсекені тек Еуропа ғана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің де жанкүйерлері көретін болады. Жарыс спорттың 15 түрінен ұйымдастырылады және оны 500 миллион телекөрермен тамашалайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы