389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында суретшілер симпозиумы өтуде

  • 425
  • UPD: 23:49, 22.06.2019
Қызылорда облысында суретшілер симпозиумы өтуде

Сыр елінде «Аға ұрпақ өнері – жастарға аманат» атты суретшілер симпозиумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған халықаралық іс-шараға отандық қылқалам шеберлерінен бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейдің бейнелеу өнері саласындағы қайраткерлер қатысуда. Іс-шараның негізгі – мақсаты дарынды жастарды әсем өнерге баулу. Симпозиум аясында суретшілер аймақтың табиғи, географиялық ерекшеліктерін, тарихи және көзтартарлық әсем ғимараттарын қағаз бетіне түсіріп жатыр. 20 адамнан құралған шығармашылық топ түркі әлемінің абызы Қорқыт ата кешені мен Қаратау жоталары аралығында көркем еңбекпен айналысады.

Сергей Секирин, суретші (Ресей):

– Симпозиумнің көздегені – ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру. Майталман суретшілер жастарға бейнелеу өнеріндегі жаңаша және пластикалық шешімдер мен формаларды іздестіруді үйретіп жатыр. Қорқыт баба жатқан Қармақшы топырағына және Қамбаш көлінің жағасында көркем туындылар бедерлеуге тырысамыз. Қазақстанға алғаш келуім, бірақ қазақ мәдениетімен етене таныспын және жоғары бағалаймын.

Хабар 24 телеарнасы