383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі музейге 50 жылда алғаш рет жөндеу жұмысы жүргізіледі

  • 105
  • UPD: 11:57, 25.06.2019
Семейдегі музейге 50 жылда алғаш рет жөндеу жұмысы жүргізіледі

Семей қаласындағы Федор Достаевский атындағы музейдің айналасы абаттандырылады.

Бұл соңғы 50 жылдан бері алғаш рет қолға алынып отырған жөндеу жұмыстары. Шаһардың дәл ортасында тұрған мәдени ошақты қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 6,5 миллион теңге бөлініпті. Қазір мемориалдық музейдің аумағындағы жаяу жүргіншіге арналған жолдың тас төсеніштері  ауыстырылып жатыр. Бұдан бөлек, ескерткіштің қаптамасы жаңартылып, жанында гүлзарлар пайда болады. Жөндеу жұмыстарын шілде айында аяқтау жоспарланған. Соған қарамастан мекеме жұмысын тоқтатпайды. Атап өтерлігі, саяхатшылар мен қала қонақтары әсіресе орыс әдебиетінің ұлы классигі өмір сүрген үйге ерекше қызығушылық танытады.  Достаевский музейі жылына 15 мыңдай туристі қабылдайды.

Ирина Соловьева,  Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейінің директоры:

- Музейдің айналасын абаттандыратын кез жетті. Жарты ғасыр бойы ешбір жөндеу көрген жоқ. Сондықтан мәдени нысанның келбеті заман талабына сай өзгертілгенін қалаймыз. Бұл біздің қаламыздың төлқұжаты іспеттес. Өйткені Достаевскийдің музейін көруге туристер әлемнің әр түкпірінен келеді.

Хабар 24 телеарнасы