384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық театр әртістері Сеулде Хон Бом До туралы қойылым ұсынды

  • 175
  • UPD: 10:52, 26.06.2019
Қазақстандық театр әртістері Сеулде Хон Бом До туралы қойылым ұсынды

«Хон Бом До командирі». Бұл Қызылордада жерленген Корея каһарманы туралы спектакльдың атауы.

Сеулде өткен фестивальде Алматы музыкалық комедия театрының әртістері өнер сүйер қауымға өз қойылымдарын паш етті.

Корея қолбасшысы туралы спектакль шынайы оқиғаға негізделген. Қазақстанға отыз жетінші жылы жер аударылған Хон Бом До Қызылордадағы Корей театрында от жағушы және күзетші болып жұмыс істеген. Қырық екінші жылы ол өзі туралы спектакльды қарап үлгерді. Бүгін Оңтүстік Кореяда Хон Бом До тәуелсіздік үшін күрескен белсеңділер арасында ең танымал каһармандардың бірі саналады. Сондықтан спектакль көрермендер арасында үлкен қызығушылық туғызды. 

Любовь Ни, Корей музыкалық театрының директоры:

– Үкімет пен қатар мәденет министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бізге спектакльден бастап шетелге сапар жасауға дейін қаржы бөлді. Біз кореялық көрермендерді Қазақстанның алуан түрлі мәдениетімен таныстырамыз.

Роман Цой, Корей музыкалық театрының актеры:

– Біз Кореяны және ең алдымен Қазақстанды жақсы көретін азаматтардың біріміз. Өйткені Отанымымыз сонда, ата бабаларымыз да сонда жатыр. Және біздің аға-буындарымыздың басы қиын қыстау жағдайға тап болғанда қазақ халқы оларға қамқорлығын аяған емес. Ол біздің жадымызда мәңгі сақталады. 

Көрермендер актер Алишер Махпировтың мінсіз корей тілінде сөйлегеніне тәнті болды. Бұрын ол ұйғыр театрында жұмыс істепті. Басқа актерлерден қалмау үшін ол екі жыл бойы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде корей тілін оқыған.

Әлішер Махпиров корей музыкалық театрының актеры:

– Хон Бом До – Кореяның нағыз патриоты. Мен оның Қазақстанда өмір сүргенін мақтан етемін. 

Чой Ен Юн, көрермен:

– Маған өте ұнады. Актерлар жақсы іріктеп алынған. Хон Бом До туралы көп жаңа мәліметтерге қанықтым. Қазақстандық театрға мың алғыс.

Алматылық әртістер Кореяға гастрольмен жиі барады. Себебі тараптар өзара тәжірибе алмасып, байланысты бекемдей түсуге мүдделі.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы