384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады

  • 182
  • UPD: 14:00, 26.06.2019

Елімізде ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады.

Бұл құрылым ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің негізінде ашылмақ. ЮНЕСКО-ның қолдауымен жұмыс істейтін орталықтың басты міндеті – Орталық Азиядағы мәдениетаралық ықпалдастықтың тарихы мен тәжірибесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, конференциялар ұйымдастыру болып табылады. Құжатқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле қол қойды. Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағыты жайында, сонымен қатар Жастар жылына арналған іс-шараларға қатысты мәселелерге тоқталып кетті. 

Одри Азуле, ЮНЕСКО-ның бас директоры:

– Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығын құру туралы келісімге қол қою үшін бас қосқанымызға қуаныштымын. Бұл орталық ЮНЕСКО-ның ажырамас бір бөлігі болмақ. Құрылым алдағы уақытта мәдениетаралық диалогты ілгері дамытуға мүмкіндік беріп, байланысты бекемдей түседі.

Хабар 24 телеарнасы