384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ЮНЕСКО аясында мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады

  • 143
  • UPD: 20:29, 26.06.2019
Қазақстанда ЮНЕСКО аясында мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады

Елімізде ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады.

Бұл құрылым ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің негізінде ашылмақ. ЮНЕСКО-ның қолдауымен жұмыс істейтін орталықтың басты міндеті Орталық Азиядағы мәдениатаралық ықпалдастықтың тарихы мен тәжірибесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, конференциялар ұйымдастыру болып табылады. Құжатқа  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле қол қойды. Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағыты жайында сонымен қатар Жастар жылына арналған іс-шараларға қатысты мәселелерге тоқталып кетті. 

Одри Азуле, ЮНЕСКО-ның бас директоры:

- Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығын құру туралы келісімге қол қою үшін бас қосқанымызға  қуаныштымын. Бұл орталық Юнесконың ажырамас бір бөлігі болмақ. Құрылым алдағы уақытта мәдениетаралық диалогты ілгері дамытуға мүмкіндік беріп, байланысты бекемдей түседі.

Хабар 24 телеарнасы