384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА журналистерді марапаттады

  • 481
  • UPD: 23:29, 27.06.2019

Қазақстандағы этникалық бұқаралық ақпарат құралын дамыту қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының кеңейтілген отырысында айтылды. Жиынға қатысқан ассамблея мүшелері, этносаралық келісім төңірегінде қалам тербеп жүрген БАҚ өкілдері мен сарапшылар қоғамдағы тұрақтылықты тілге тиек етті. Әрі әлеуметтік бірлікті нығайтуда журналистер қауымы алдында тұрған міндеттерді талқылады.

Айта кету керек, бүгінде елімізде 30-ға жуық этникалық баспасөз құралы бар.

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Осы күндерде бүкіл халық Арысқа алаңдап тұрғанда, біздің БАҚ рөлі бұрынғыдан да айқын көріне түсті. Өйткені осы елдік бірлікке БАҚ елеулі үлес қосып отыр.

Сондай-ақ жиын барысында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге үлес қосқан ақпарат саласының қызметкерлері марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бірқатар БАҚ басшысына «Мейірім» төс белгісін табыс етіп, ел бірлігі жайлы қалам тербеп жүрген журналистерге алғыс хат ұсынды.

Майя Бекбаева, Kazakh TV телеарнасының директоры:

– Біз ұлтаралық келісім мәселесіне ешқашан бейжай қарамауымыз керек. Себебі, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешіп жатқан халықтың бірлігі – басты байлық. Сондықтан осы тақырыпта жазылған материал әр адамның жүрегіне жетуі қажет. Міне, сонда ғана ынтымағы жарасқан елдің бірлігін көреміз.

Хабар 24 телеарнасы