389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұрт Димаштың концертіне ұзын сонар кезекке тұрды

  • 387
  • UPD: 22:19, 29.06.2019
Жұрт Димаштың концертіне ұзын сонар кезекке тұрды

Бүгін «Астана Арена» стадионында өтетін Димаштың жеке  концертіне халық ағылып келіп жатыр.

Сағат кешкі 22:00-де басталатын концертке көрермендерді сағат 19:00-ден бастап кіргізе бастады. «Астана Аренаның 6 кіреберісінде халық ішке ену үшін ұзын-сонар кезекке тұруда.

Ұйымдастырушылар айтуынша, концертке 350 ерікті жұмылдырылды.

Сондай-ақ негізгі залдан бөлек 10 мың адамды қамтитын жанкүйерлер алаңы қарастырылған. Ал жалпы стадион 30 мың адамға арналған.

Концерт ұйымдастырушыларының айтуынша, кеш билеттерін әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман сатып алған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, Африка, Египет, Израиль және Марокко сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары бар.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы