389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайбергеннің концертін тамашалауға әлемнің 60 мемлекетінен жанкүйер келді

  • 375
  • UPD: 15:24, 30.06.2019

Димаш Құдайберген жеке концертінен түскен қаражаттың жартысын Арыстағы жарылыстан зардап шеккен жерлестерімізге көмек ретінде аударатынын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтулы  кешке әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 64 мемлекеттен 10 мыңға жуық шетелдік азамат қазақ баласының өнерін тамашалауға арнайы ат арытқан. Олардың арасында АҚШ-тан, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, тіпті, Африкадан келгендері бар. «Астана Аренада» өткен Димаштың концертін 40 мыңға жуық адам тамашалады. Онда қазақтың халық әндері, отандық және шетелдік композиторлардың танымал туындылары орындалды.

Хабар 24 телеарнасы