389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлы дала тарихын бимен өрнектеген қазақстандық өнерпаздар француздарды таң қалдырды

  • 306
  • UPD: 21:54, 30.06.2019

Қазақстандық өнерпаздар Париж мэриясы сахнасында Ұлы дала тарихын бимен өрнектеді.

Топтың жетекшісі Дана Мұса – Франциядағы дарындылар шоуының ақтық сынына қатысушы. Сондықтан жергілікті халықтың биші қыздың жаңа қойылымына деген қызығушылығы жоғары.

Дана Мұса тобының дайындығына қарап, Ұлы дала тарихын қазіргі заман биімен қалай жеткізетіндігін елестету қиын. Бірақ этнобалеттің негізін қалаушы қазақстандық шебер өз шәкірттерімен бірге жобаны 1 жыл бойы әзірлеген. Спектакль көшпенділер мен олардың рухани мәдениетіне арналған.

Дана Мұса, қауымдастықты құрушы:

– Бұл адамның жырақта жүрсе де, өз тарихын ұмытпайтынын көрсетеді. Ертең Бразилия немесе Жапонияға барсам, тура осындай спектакль қоятыныма сенімдімін. Бұл қойылымдардың өзге жерде жеміске жетуіне ортақ құндылықтар себеп деп ойлаймын. Мысалға әйел рухы, ұйымшылдық, ынтымақтастық деген сияқты.

Сахнада 11 биші әлемнің ортақ тарихын баяндайды. Этнобалетте Ұлы дала бүкіл адамзат тарихының бастауы ретінде беріледі.

БЛИЦ:

– Керемет әсер алдым. Мен оның Париждегі этнобалет бастамасын көргем. Қазір би тобын құрып, трилогия қойып жатыр. Тамаша.

– Спектакль өте қызықты болды. Маған ұнады.

Қазақстандық биші отанына деген махаббатын шығармашылық арқылы білдіреді. Бірақ бұл жолы Дана Мұса қойылымнан түскен қаржының бір бөлігін Арыс тұрғындарына арналған қорға аударып, қазақстандықтарға материалдық тұрғыдан да қолдауын көрсетті.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы