384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Semser» байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 160
  • UPD: 23:41, 01.07.2019

«Semser» әдеби байқауы мәресіне жетті. «Мәдениет» порталында екі ай бойы онлайн түрде өткен конкурсқа 300-ден астам қаламгер қатысты.

220-дан астамының шығармасы талапқа сай деп танылып, порталда жарияланды. Республикалық байқау «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік әдеби сын» аталымдары бойынша өрбіді. Бас жүлде 1 миллион теңге. Әр аталымның жеңімпазына 500 мың теңгеден жүлде тігілді. Алтын төсбелгі тағылып, «Semser» әдеби сыйлығының лауреаты деген атақ берілді. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев, Саттар Ерубаев, Сағат Әшімбаев атындағы арнайы әдеби сыйлықтар бар. Гран-при иегеріне «Semser» әдеби сыйлығы табысталды. Сондай-ақ жеңімпазға әдебиет майданында алдаспандай жарқылдап жүрсін деген ырыммен сақтардан қалған ақ семсер тарту етілді.

Хабар 24 телеарнасы