389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылды

  • 333
  • UPD: 23:59, 01.07.2019
Елімізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылды

Қазақстанда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылды. Оның таныстырылымы XV Еуразиялық кинофестиваль аясында ұйымдастырылды.

Орталық қазақстандық фильмдердің шетелдегі дәрежесін арттыруға қызмет етеді. Жылына елімізге 300-ге тарта шетел туындылары әкелінеді екен. Енді оның мемлекеттік тілде дубляждалуы, сапалы титрмен берілуіне үлкен көңіл бөлінеді. Қаржыландырылуы тиіс фильмдер бойынша эксперттік және ведомстоаралық кеңестер жұмыс істейді. Бұл жұмыстар Қазақстанда қабылданған «Кинематография  туралы» заң жүзінде іске асады. Толық қаржыландырылған фильмдер кірісінің 20 проценті мемлекетке қайтарылады.

Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі заң департаментінің директоры:

- Ұлттық кино мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылғандықтан, біз туындылардың санын шектеуге мәжбүр болдық. Жаңа жүйе бойынша әлеуметтік маңызы бар фильмдерге ғана толықтай қаржы құйылатын болады. Ол тарихи, анимациялық, патриоттық фильмдер. Қалған коммерциялық туындылар инвестор тарту арқылы не жеке капиталға түсіріледі.

Хабар 24 телеарнасы