384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында «Талды археологиялық паркі» құрылмақ

  • 102
  • UPD: 14:28, 03.07.2019
Қарағанды облысында «Талды археологиялық паркі» құрылмақ

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды өзені аумағында осыдан үш жыл бұрын табылған «Сарыарқа пирамидасы» талай археологиялық жаңалықтың ашылуына себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл оның айналасын зерттеуді жалғастырған экспедиция мүшелері «Беғазы-Дәндібай» мәдениетіне жататын қала орнын, көне қорымды анықтады. Қазір бұл өлкеде бірнеше жерде археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Келешекте мұнда «Талды археологиялық паркі» құрылмақ. Біздің заманымызға дейінгі 2 мыңыншы жылдықтың екінші жартысына жататын Ақкезең қалашығының жалпы аумағы 10 гектардан асады. Зерттеу барысында қорымнан үлкен қалаларда ғана кездесетін ғибадатханаға ұқсас нысан табылған. Қабырғалары гранитпен өрілген, оңтүстік-батыс бұрышында 1 метрлік стелласы бар құрылыс ғалымдарды ерекше қызықтырып отыр. Сондай-ақ осы Талды өзені бойында орналасқан «Сеңкібай-2» қорымынан да археологтар жылқының сүйегін, қыш ыдыстар, қола моншақтар мен әшекей заттарды тапқан.

Түлкібай Төлеуов, облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:

–Сеңкібай-2 қорымынан қыш құмыра, екі ат салып жерленген бейіттер ашылып жатыр. Әлі жұмыстар біткен жоқ. Біткеннен кейін оның қорытындылары туралы тағы айтамыз. Ғылыми нәтижелері жақсы болады деп ойлаймыз. Келесі жылдарда да осындай жұмыстар жалғасады. Оның негізгі мақсаты – барлық жұмыстардың «Талды археологиялық паркін» ашу.

Хабар 24 телеарнасы