384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Домбыра –дала даусы» атты күйжарыс басталды

  • 171
  • UPD: 20:58, 03.07.2019
Талдықорғанда «Домбыра –дала даусы» атты күйжарыс басталды

Талдықорғанда домбыра күніне орай «Домбыра –дала даусы» атты күйжарыс басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жетісу өңірінің аудан, қалаларынан жиналған өнерпаздар бүгіндікке тәулік бойына күмбірлетіп күй шертіп, әуелетіп ән салады. Осылайша, төл өнерді насихаттап, сырлы да сұлу аспаптың қадірін арттырмақ. Домбыраның қоңыр үнімен тарихымызды, мәдениетімізді өскелең ұрпақ санасына сіңіру көзделіп отыр. Әрі өнердегі аға буын мен жастардың шығармашылық байланысын нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсат. 24 сағат бойына жалғасатын күйжарыс тек ертең таңертең аяқталады. Оның қорытындысы бойынша күйшілер өнерін рекордтар кітабына енгізу жоспарланған.

Төлеужан Ғұмаров, ҚР МӘдениет қайраткері:

- Ғасырларды алып қарасаңыз, қаншама құндылықтар осы домбыра арқылы жетті. Қаншама аңыз, қаншама дастан жетті. Бұл домбыраның өзі қазақтың өзіне айналып кетті. Сондықтан бұны арнайы бір күн белгілеп, оны заң жүзінде бекітіп шілденің алғашқы жексенбісін беріп жатқаны, ол біздің егемендігіміздің жетісігі.

Хабар 24 телеарнасы