388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда 24 сағат тоқтаусыз өткен күй тартыс рекордтар кітабына енді

  • 509
  • UPD: 09:37, 05.07.2019
Талдықорғанда 24 сағат тоқтаусыз өткен күй тартыс рекордтар кітабына енді

Талдықорғанда өткен «Домбыра – дала дауысы» атты күй тартыс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығына Қазақстандағы рекордтарды тіркеу департаментінің басшысы Бақытжан Тастүлеков арнайы келді. Ол бұған дейін елімізде тәулік бойы тоқтаусыз дәстүрлі ән айтылып, күй тартылмағанын атап өтті. Әрі ұйымдастырушыларға бұрын-соңды мұндай шара болмағанын растайтын сертификатты табыс етті. Сонымен қатар осы күні Жетісу жерін ән мен күйге бөлеген өнерпаздардың еңбегі еленіп, оларға сый-құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, кеше таңертең басталған күй тартысқа 100-ден аса адам қатысты. Олар кезектесе отырып, 500 ден астам туындыны орындады.

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы

Ыстамбулда керемет Аясофия деген кешен бар. Сол жерде 24 сағат Құран аяттары оқылады. Біз соны салыстырмалы түрде алдық. Егер Түркияда, Таяу шығыс, Араб елдерінде құран оқытылып жатса, біздің кең даламызда домбыра үні жалғасуы тиіс деген мақсатпен 24 сағат тоқтаусыз орындадық.

Бақытжан Тастүлеков, Қазақстан рекордтар кітабына рекордтарды тіркеу департаментінің директоры:

- Біз бұл рекорд орнатқанын басынан аяқ бақылап отырдық. Біздің осы жерде, Талдықорғанда екі өкіліміз бар. Олар келіп, қатысып көріп отырды. Және әлеуметтік желілерге беріліп отырды. Қазақстанда тәулік бойы күйлер мен терме тарту болған емес.

Хабар 24 телеарнасы