384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда ашық аспан астындағы фотокөрме ашылды

  • 141
  • UPD: 15:35, 05.07.2019
Нұр-Сұлтанда ашық аспан астындағы фотокөрме ашылды

«Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі». Елордада дәл осындай атаумен фотокөрме өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашық аспан астындағы мәдени шара бір айға жалғасады. Көрермендер Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолымен фото және суретшілер шығармашылығы арқылы таныса алады. Жиыны 90-ға жуық туындыда елордамыздың қалыптасу кезеңі, Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет тарихындағы маңызды жиындар мен келелі кездесулері бедерленген. Көрме, әсіресе, шетелдік меймандардың көзайымына айналды.

Жанұзақ Мүсәпір, қалалық Суретшілер одағының төрағасы:

- Суретшілердің қойған картиналары арқылы Нұр-Сұлтанға әлемнен келген қонақтар өздерінің қайда келгенін, бұл мемлекеттің қандай ерекшелігі бар екенін осы картиналар арқылы бағдарлап біліп жатады ғой деп ойлаймын.

Яна Дибер, турист (германия):

- Меніңше, Қазақстанның тарихы терең. Алғашқы сапарымда осындай көрмеге куә болып отырмын. Фотодеректер, суретшілердің картиналары өте көп. Алған әсерім ерекше.

Хабар 24 телеарнасы