389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жастар ел – тірегі» республикалық байқауының бірінші кезеңі аяқталды

  • 260
  • UPD: 15:33, 05.07.2019
«Жастар ел – тірегі» республикалық байқауының бірінші кезеңі аяқталды

«Жастар ел - тірегі» шығармашылық байқауының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық сайысқа 50-ден астам мүсінші мен суретші өз туындысын ұсынған. Олардың арасынан 16 жұмыс іріктеліп алынды. Үздік шығармалар арнайы көрмеде тұрғындар назарына ұсынылды. Шараны Елбасы кітапханасы мен қалалық суретшілер одағы ұйымдастырған. Төрт ай бойы еліміздің әр өңірінен «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында жасалған жұмыстар жиналған. «Байқаудың мақсаты - Қазақстанның аты аңызға айналған тұлғаларын бейнелеп, тарихи мәдени мұрамызды насихаттау», - дейді ұйымдастырушылар.

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Байқауға қатысқан жастарымыз 18 бен 35 жас аралығында. Көбі алғашқы қадам жасап отыр. «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбына Бауыржан Момышұлы, Шоқан Уәлиханов болсын немесе ХХ ғасырда атағы шыққан Роза Бағланова болсын, ХІ ғасырдың тұлғасы Димаш Құдайберген болсын осы біздің ұлы даламыздың ұлы есімдері.

Хабар 24 телеарнасы