389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қазақтың қара домбырасына ескерткіш орнатылды

  • 349
  • UPD: 15:38, 05.07.2019
Шымкентте қазақтың қара домбырасына ескерткіш орнатылды

Биіктігі 7 метр болатын алып мүсін шаһардағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық аспапқа қойылған тастұғырдың ашылу салтанатына қала тұрғындарынан бөлек, белгілі музыканттар мен ұлттық өнердің жанашырлары қатысты. Еңселі ескерткішті қала жұртшылығына жергілікті кәсіпкер сыйға тартты. Домбыра толығымен мыстан құйылған. Оны темірден түйін түйген шебер бірнеше ай бойы жасаған. Алғашында Суретшілер одағы монументтің он шақты нұсқасын ұсынған. Ал туынды авторы ұлттық аспаптың барлық ерекшеліктері мен бөлшектерін ескере отырып жасаған.

Әбдімүтәліп Ахметов, қалалық суретшілер одағының төрағасы:

- Біз оны қара тастан, темірден жасағаннан кейін басқа материалға қарағанда бұл өзгешелеу болды. Жалпы алғанда монументалдық композициямыз керемет болып шықты. Көпетен ізденген жұмыс. Суретшілердің еңбегі

Хабар 24 телеарнасы