389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада The Spirit of Eurasia заманауи этникалық музыка фестивалі басталды

  • 325
  • UPD: 15:30, 06.07.2019
Астанада The Spirit of Eurasia заманауи этникалық музыка фестивалі басталды Tengrinews

Ұлы дала мен әлем әуені елорда төрінде әуеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала күніне орай Нұр-Сұлтанда The Spirit of Eurasia атты заманауи этникалық музыка фестивалі басталды. Мәдени шара ЭКСПО көрме кешенінің жазғы сахнасында өтіп жатыр. Оған елімізбен қатар Латвия, Оңтүстік Корея, Эстония, Франция, Ресей сынды алыс-жақын 15 елден келген өнерпаздар қатысып, өнер көрсетуде. Еліміздің «Алдаспан» тобы күйді электр-домбырада күмбірлетіп, көптің көңілінен шықты. Шара ертең де жалғасады.

Жан Қастеев, The Spirit of Eurasia бас продюсері:

– Биылғы елордадағы фестивальде Еуразия контингентін көрсететін көп ұжымды біріктіруге тырыстық. Себебі, біздің астанамыз Еуразия құрлығының орталығында орналасқан. Осы жолы алғаш рет Оңтүстік Кореядан келген ұжым өнер көрсетеді. Сондай-ақ Африка контингентінен де ұжымдар бар.

Хабар 24 телеарнасы