384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда домбыраға ескерткіш орнатылды

  • 169
  • UPD: 15:30, 06.07.2019
Көкшетауда домбыраға ескерткіш орнатылды Казинформ

Көкшетау қаласының орталығынан домбыраға алып ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұғырымен қосқанда биіктігі 12 метр жуықтайтын инсталляция бетон-металл конструкциясынан жасалған. Ал туынды авторы – белгілі мүсінші Манарбек Бұрмағанов. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ескерткіш демеушілердің қаражатына тұрғызылыпты. 

Айта кетейік, аймақта мұндай ескерткіш алғаш рет бой көтеріп отыр.

Манарбек Бұрмағанов, туынды авторы:

– Бұл – үлкен қуаныш, құрмет. Осындай мүсін ашылып жатса, дәл театрдың алдында жаңа сквер пайда болып жатыр осы домбыраның арқасында, гүлденіп жатыр, ағаштар егіліп жатыр. Облысымыз енді әнші, күйші, батыр, жыршыларымен белгілі. Сондықтан осындай бір домбыра болса екен дедік.

Хабар 24 телеарнасы