388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда күніне орай Қызылордада екі көрме ашылды

  • 408
  • UPD: 15:28, 06.07.2019
Елорда күніне орай Қызылордада екі көрме ашылды

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада бас қаланың кешегісі мен бүгінгі күнінен сыр шертетін көркем және поэтикалық шығармалар, анықтамалық және мерзімдік басылымдар ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің шығармаларына арналған жеке эспозиция да көрермен назарына ұсынылды. Ал «Ақмешіт» музейінде шет елдіктерді таңқалдырып, ел халқының мақтанышына арналған елордамызға арналған фотокөрме ұйымдастырылды. «Экспозиция өткенге экскурс іспеттес», – дейді өнерсүйер қауым. Өйткені ел астанасы қысқа уақыт ішінде қарыштап дамып, бет келбетін өзгертіп, сәулетін арттырып келе жатыр.

Нұрлан Оспанқұлов, «Ақмешіт» мұражайының ғылыми қызметкері:

– Көрменің мақсаты – қала қонақтарына, музей келушілеріне, жастарға осы астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі және Нұр-Сұлтан қаласы деп атауы өзгеруі тарихи сәт екендігін көрсету. Көрмеге қойылған заттар осы Нұр-Сұлтан қаласында болған тарихи оқиғалардан сыр шетеді. Келген, көрген оқушылар, жастар бұл көрмеден жақсы әсер алды.

Хабар 24 телеарнасы