384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада халықаралық үрмелі оркестр фестивалі өтіп жатыр

  • 263
  • UPD: 15:26, 06.07.2019

Биыл Х рет ұйымдастырылған «Астана самалы» шарасы жылдағыдай астанамыздың туған күніне арналды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Елордамызда мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр. Оған тамаша ауа райы мен қаланың әр түкпіріндегі ән мен күй айрықша әр бергендей. Ал үздік оркестрлердің шеруі тіптен патриоттық рух сыйлап тұр. Фестиваль 4 шілде күні басталды. Міне, үш күн бойы бас қаламыздың көрікті орындарында жалғасын тауып жатыр. Биыл «Астана самалы» фестивалі Х рет өтіп ұйымдастырылуда. Отандық және шетелдік әскери музыканттардың дайындығы расымен ерекше. Классика, эстрада, джаз дейсіз бе? Меломендер үшін музыканың әр жанрын осы фестивальден табуға болады. Мың бұралған бишілердің де өнерін тамашаладық. Маңызы зор шараға Ұлттық ұлан, Президент оркестрі, өңірлерден келген өнерпаздар қолдау білдірген. Астаналық көрермен үшін Орынбор, Бішкек, тіпті итальяндық оркестр де өнер көрсетіп жатыр. Әдеттегідей елордалық филармонияның 60 өнерпаздан құралған оркестрі биыл да мереке көркін қыздырды.

Айта кетейін, оркестрлер шеруі бүгін Республика даңғылынан Жастар сарайын бет алады. Ал кешке орталық алаңнан плац-концерттің куәсі бола аласыздар. 

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы