384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана самалы» халықаралық үрмелі оркестрлер фестивалі қорытындыланады

  • 237
  • UPD: 15:24, 06.07.2019
«Астана самалы» халықаралық үрмелі оркестрлер фестивалі қорытындыланады

Еліміздің бас қаласында халықаралық үрмелі оркестр фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Х рет ұйымдастырылған «Астана самалы» шарасы жылдағыдай елорданың туған күніне арналды.

«Астана самалы» халықаралық үрмелі оркестрлер фестивалі елордалықтардың асыға күтетін думанына айналған. Эстарада, классика, джаз, тіпті рок-н-рол да бар мұнда. Меломендер үшін көңілді өнерпаздардың тартуы ерекше құнды.

Салтанат Ишанбекқызы, қала тұрғыны:

– Адамның көңіл-күйін көтеріп, сондай әдемі сезім сыйлап жатыр. Өте керемет. Тек орындап қана қоймай, биді де қосып, көрерменнің көңілін көтеріп жатыр.

Пол Тейлор, турист /Англия/:

– Нұр-Сұлтанға немерелерімді көруге келген едім. Бүгін керемет фестивальдің куәсі болып тұрмын. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Бұл ғажап қой. Мерекелеріңізбен. Осындай бақытты сәттер көп болсын.

Шілденің шуақты, күні де нұрын шашып тұр. Елордалықтар мен қала қонақтары жайма-шуақ күйде. Көрікті көшелермен жүріп өткен өнерпаздар шеруі патриоттық рухты еселей түскендей. Ал мың бұралған бишілердің өнері мерекені айрықша әрледі. 

Есті ескі әндер, рухты оятар патриоттық туындылар. Үздік оркестрлердің орындауындағы патриоттық туындылар көпшілікті бір серпілтті. Биыл халықаралық фестивальге 10 жыл – мерейтой. Міне, он жыл көлемінде отандық және шетелдік өнерпаздар елордалықтарды астана күнімен дәл осылай құттықтауда.

Маңызы зор шараға Ұлттық ұлан, Президент оркестрі, өңірлерден келген өнерпаздар да қолдау білдірген. Астаналық көрермен үшін Орынбор, Бішкек, тіпті итальяндық оркестр өнер көрсетіп жатыр. Үш күнге жалғасқан фестиваль бүгін қорытындыланады.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы