384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада халықаралық Еуразия кинофестивалі қорытындыланды

  • 276
  • UPD: 23:19, 06.07.2019
Елордада халықаралық Еуразия кинофестивалі қорытындыланды

Биыл 15-ші рет ұйымдастырылған шараның жөні бөлек. Голливудтың белді киногерлері фестиваль қонағы болып, елдегі киноиндустриямен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық кинодуман аясында елімізде отандық киноны қолдау орталығы ашылды. Сапалы кинокартиналарды сағынған көрермен де үздік туындыларды қошеметпен қарсы алды. Нәтижесінде жерлесіміз режиссер Фархат Шәріповтың киносы бас жүлдені қанжығаға байлады. Фестивальдің жабылу рәсімінде халық әртісі Досхан Жолжақсынов қазақстандық киноны дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Досхан Жолжақсынов, актер:

- Еліміздегі киноға қызығушылығы бар көрермендеріміздің барлығын осы бір мерекемен құттықтағым келеді. Әрине, үлкен үмітіміз бар. Осы Еуразия фестивалінде тұсауы кесілген фильмдеріміз ары қарай үлкен фестивальдерге жолдама алады деген ниеттеміз.

Хабар 24 телеарнасы