384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейліктер Абайдың домбырасын ұстап көру мүмкіндігіне ие болды

  • 204
  • UPD: 14:36, 07.07.2019

Семей қаласының тұрғындары шығыстан шыққан танымал тұлғалардың домбырасын ұстап, күмбірлетіп күй тарту мүмкіндігіне ие болды.

Ұлттық домбыра күніне арналған мұндай шараны облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері өткізді. «Домбыра - дастан» атты жиында арнайы көрме де ұйымдастырылды. Онда ұлттық аспаптың 40 шақтысы қойылып, көпшілік назарына ұсынылды. Шаһар тұрғындары мен қонақтары домбыраның құрылымы және жасалу жолымен танысты. Сонымен қатар өнер майталмандары шырқаған әсем ән мен күй тыңдап, құлақ құрышын қандырды. 

Қайрат Сабырбай, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры: 

- Бұл домбыра тек қана өнер адамдарына ғана емес, кез келген қазақтың жан серігіне, жан жолдасына айналғанын айтқымыз келеді. Жалпы біздің қазақ тарихының сақталуына, ауыз әдебиетінің сақталуына көне мәдениетіміздің бүгінгі күнге жетуіне осы домбырамыз ұлттық аспабымыздың орны ерекше.

Хабар 24 телеарнасы