384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйгілі продюсерлер Қазақстанда кино түсіруді жоспарлап отыр

  • 194
  • UPD: 14:36, 08.07.2019

Әлемнің ірі киностудияларының өкілдері Қазақстанда фильм түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

XV «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне келген меймандар елмен жақынырақ танысу үшін Алматы мен Маңғыстау облыстарын аралап шықты. Әлемдік кино компаниялар продюсерлері мен актерлері Маңғыстаудағы сапарын әйгілі Шерқала тауынан бастады. Жаһанда баламасы жоқ жерасты мешіттері мен шар тәріздес алып тастардың тарихымен де танысты. Каспий жағалауында бой көтерген нысандарды көріп, жартастағы соқпақ жолдармен жүріп өтті. Шетелдік мамандар бұл сапардың ерекше шабыт бергенін айтады.

Симона Роман, киноактриса, продюсер:  

– Қазақстанға алғаш келуіміз. Маңғыстауға келіп, ертегі елінде жүргендей болдық. Табиғаты мен тарихи ескерткіштері таңқалдырды. Тек тау-тасымен ғана емес, қазақ халқының тарихымен және салт-дәстүрімен де танысуға мүмкіндік алдық. Алған әсерімізді жеткізе алмай отырмын. Алдағы уақытта осы елде кино түсірсек пе деген жоспарымыз бар. Фильмнің қандай бағытта болатыны әзірге құпия.

Хабар 24 телеарнасы