384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күй атасы Құрманғазының аспабы Астраханьда сақтаулы тұр

  • 232
  • UPD: 14:34, 08.07.2019
Күй атасы Құрманғазының аспабы Астраханьда сақтаулы тұр

Құрманғазның домбырасы!

Бұл – күй атасының саусақ табы қалған қасиетті мұра, деп хабарлайды «Хабар 24». Музыкалық аспап бүгінде Ресей Федерациясының Астрахань облысына қарасты Алтынжардағы Құрманғазы атындағы музейде сақтаулы тұр. Он екі пернелі көне домбыра екі ел үшін де баға жетпес жәдігер саналады. Ол ұзақ жылдар жанына серік еткен аспапты дала дауылпазы Ыбыр деген шәкіртіне табыстап кетіпті. Кейін оның ұрпақтары домбыраны осы музейге тарту еткен. Бүгінде Астрахань облысында 150 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Олар даңқты жерлестерінің атын мәңгіге қалдыруда көптеген игі істер атқарып жүр. Астрахань қаласының төрінде 6 метрлік алып ескерткіш асқақтаса, күйші рухы тыным тапқан Алтынжарда әсем кесене тұрғызылды. Сондай-ақ күйші баба атындағы мәдени кешен жұмыс істеп тұр. 

Жұмақыз Иманбаева, «Құрманғазы» музейінің ғылыми қызметкері /Астрахань/:

– Құрманғазы бабамыз бұл домбыраның пернелерін өз қолымен байлапты. Таяуда бізге Италиядан келген музыка зерттеуші профессор, пернелердің дыбыс өлшеміне қарай өте дәлдікпен тағылғанына таң қалды. «Қазіргі аспаптардың үнінен мұндай үйлесімділік табу қиын», – деді ғалым.

Хабар 24 телеарнасы