384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлықтар жағалаудағы табиғи ескерткішті тамашалайды

  • 124
  • UPD: 15:16, 09.07.2019
Павлодарлықтар жағалаудағы табиғи ескерткішті тамашалайды

Павлодардың брендіне айналған Ертіс жағалауының жаңа бөлігі қолданысқа берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қала халқы мен қонақтары Ертістің төменгі жағалауындағы арбатта серуендеп, ашық аспан астындағы «Қаз қонақ» табиғи ескерткішін тамашалайтын болады. Миллиондаған жылдар бұрын осы өңірді мекендеген жануарлардың мүсіндері қойылған. «Жойылып кеткен мастодонттар, керік тұқымдас жануарлар, үш тұяқты жылқылар, мүйізтұмсықтар, қылыш тісті махайрод мысықтары мен азулы жолбарыстар қала халқы мен қонақтарының көңілінен шығуы тиіс», – дейді жауаптылар.

Ежелгі жануарлардың сүйектері  осыдан бір ғасыр бұрын табылған және ғалымдар оны вагондарға тиеп Мәскеуге әкеткен екен. Сол сүйектердің незігінде жасалған көшірмелер жергілікті тарихи-өлкетану музейіне қойылған. Ертіс жағалауына  жүргізілген жұмыстар тарихи ескерткішке нұқсан келтірмеген. Құрылысқа тек табиғи материалдар қолданылыпты.

Гүлжайнат Әлиева, Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы:

– Жыл сайын музейге қала тұрғындары мен облыс тұрғындары жаңа жәдігерлерді әкеліп тапсырады, сол өмір сүрген жануарлардың сүйектерін. Осы жағажайдағы палеонтологиялық реконструкцияның ашылғаны өте жақсы. Өйткені біздің қаланың қонақтары, туристері бес, он миллион жыл бұрын осы өңірімізді мекендеген жануарлардың түрлерімен таныса алады және біздің қаламыздың бір көрікті орны. Экскурсия өткізуге және тарихи сабақ, өлкетану сабақ өткізуге өте қолайлы.

Болат Бақауов, облыс әкімі:

– Қаражат тауып, жекеменшік қаражат тауып жағажайымызды  жөндеп, қалпына келтірдік. Ашық аспан астында музейдің сақталуы үшін барлық гиппарионды кезеңнен болған жануарларды қойып, оны бүгін аштық. Халыққа өте ұнайды. Біздің қаламызда осындай музей бар.

Хабар 24 телеарнасы