384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде тарихи-өлкетану музейін жабдықтау жұмыстары аяқталды

  • 93
  • UPD: 12:36, 11.07.2019
Ақтөбеде тарихи-өлкетану музейін жабдықтау жұмыстары аяқталды

Ақтөбеде музей жәдігерлері жаңа орынға жайғастырылды. Өткен жылы жергілікті кәсіпкердің қолдауымен жаңа ғимараттың құрылысы аяқталған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи құндылықтар тізбектелген жаңа зәулім сарайдың құны - 650 миллион теңге. Жарты жылға жуық тынбай еңбек еткен тарихшылар тақырыптық залдарды безендірді. Ашылғанына 90 жыл болған мәдениет ошағында қазір 110 мыңнан астам құнды жәдігер бар. Ескі ғимаратта олардың барлығын көрермен назарына ұсынуға мүмкіндік болмады. Енді 8 тақырыптық экспозицияға топталған тұрақты көрмені тамашалауға мүмкіндік бар. Сонау ежелгі дәуірден бастап тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарих парақтарына көз жүгіртуге болады. Мамандар жаңа музейді Ақтөбенің киелі жерлерінің географиясының шағын үлгісіне де балап отыр.

Роза Балдығарина, өлкетанушы:

-Баяғы кішкентай музейімізде ата-бабамыздың қолөнерінің шеберлігінің ізі – құлпытастар бір бұрышта тығылып тұратын еді. Ал қазіргі кезке әрқайсысы әр жерде осындай біздің ата-бабамыздың қолөнер шеберлігі болып еді дегендей болып, «мен қандаймын» деп басын көтеріп, мақтанып тұрғын сияқты.

Хабар 24 телеарнасы