384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас өнерпаздар Каспий жағалауында бас қосты

  • 79
  • UPD: 12:37, 12.07.2019
Жас өнерпаздар Каспий жағалауында бас қосты

Сыр сүлейлері мен Маңғыстау жыршыларының ізін жалғастырушы жас өнерпаздар Каспий жағалауында бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтауда Маңғыстау мен Қызылорда облысынан келген жас жыршылардың кеші өтті. «Жыр деп соққан жас жүрек» атты шара жастар жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Бірі домбырамен, енді бірі қобызбен Қашаған, Нартуған, Махамбет пен Мұрат бастаған жыраулардың шығармаларын орындады. Жас жыршылардың бір бөлігі былтыр өнер колледжінде жаңадан ашылған жыр-терме сыныбының студенттері. Кәсіби жыршылардың қатары биыл да көбеймек. Бұл мамандыққа келуішлер үшін жергілікті билік тағы 10 грант бөліп отыр. «Соңғы кездері жыр-термеге деген жастардың қызығушылығы артып келеді. Олардың тәрбиелік мәні зор өнерге көптеп келуі бізді қуантады», - дейді кешті ұйымдастырушылар.

Бердіхан Әлмен, жыр кешін ұйымдастырушы:

- Жалпы жас ұрпақты жақсы тәрбиелеу, насихат сөздермен құлақтандыру, болашақта иманды жастарды тәрбиелеу мақсатында біздің жас жыршыларымыздың қозғауымен, солардың идеясымен өтіп жатқан шара.

Хабар 24 телеарнасы