384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау іргесіндегі көне қолөнер орталығынан құнды жәдігерлер табылды

  • 113
  • UPD: 14:51, 12.07.2019
Атырау іргесіндегі көне қолөнер орталығынан құнды жәдігерлер табылды

Атырау қаласының іргесіндегі көне Ақтөбе-Лаэти қаласы орнында қазба жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерде 2017 жылдан бері жергілікті археологиялық экспедиция кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Биыл қазба жұмыстарын Атырау облыстық тарихи өлкетану музейі мен жергілікті археолог-ғалымдар жалғастыруда. Қазірдің өзінде қала орнынан жүзден аса құнды жәдігерлер табылды. Мамандар бұл жерде XIV-XV ғасырларда аса үлкен өндірісті қала болған. Темір, әйнек өндірісі, қолөнер мен құрылыс дамыған өркениет орны болған дегенді айтады. Қазба жұмысы онан әрі жалғасуда

Айгүл Рамазанова, археологиялық отрядтың жетекшісі:

- Бұл жерде қыш өндірісінің, металлургияның дамуының дәлелі болатын мына жерде әйнектер және жапсрымалы плиталардың табылуы бұл сол кезде үлкен үйдің, ғимараттың болағандығы және сәулеттің дамығандығын көрсетеді. Сырлы ыдыстардың сынықтары көп табылды қазба жұмысыны нәтижесінде.

Хабар 24 телеарнасы