389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында көш бастап тұр

  • 422
  • UPD: 17:47, 14.07.2019
Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында көш бастап тұр

«Витебск-2019» XXVIII халықаралық эстрада әндерін жас орындаушылар байқауының бірінші күні өтті.

Онда қазақстандық қатысшулы Әлихан Макин көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Байқауға қатысушы 16 өнерпаз түрлі құрлықтан келген. Олардың мәдениеті мен діндері де әртүрлі, бірақ олардың барлығын бір дүние - музыка байланыстырып отыр. Байқауда жеребе бойынша бірінші болып Беларусь әншісі Ваня Здонюк өнер көрсетіп, 82 ұпай алды. Одан кейін Қытайдан келген әнші Сыин Ли «Катюша» әнін шырқап, 71 ұпайға ие болды. Қазақ әншісі Әділхан Макин әнді керемет орындап ғана қоймай, грэпплинг трюгін көрсетіп таңқалдырды. Осылайша ең жоғарғы көрсеткіш – 89 ұпай алды. Сонымен қатар байқауда Израиль өкілі Илай (87 ұпай), украиндік Дмитрий Бабак (86 ұпай), грузиялық Георгий Путкарадзе (86 ұпай), ресейлік Иван Дятлов (85 ұпай), литвалық Паулина (85 ұпай), Мальтадан келген Чесс (82 ұпай), армениялық Моника Манучарова (78 ұпай), болгариялық Ники Танев, германиялық Эмин өнер көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы