386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бақытты бала» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 525
  • UPD: 15:12, 15.07.2019
«Бақытты бала» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақтөбеде «Бақытты бала» балалар вокалдық фестивалі мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші жыл қатарынан өткізілген халықаралық байқауға сегіз елден 20 үміткер қатысты. Олар үш күн бойы өнерлерін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласынан келген Әйгерім Тілеубек пен ресейлік Ислам Балкоев бас жүлдені иеленді.

Айта кетейік, фестиваль талай дарын иелеріне қанат бітірген таңдаулы жобалардың бірі. Мәселен, бүгінде әлемге танымал Димаш Құдайберген мен жас әнші Ержан Максим де осы сайыста бақтарын сынаған болатын. Ауқымды өнер шарасына қатысушылардың саны жыл санап артып келеді.

Нұрхан Қадырбаев, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

– Осы байқауға қатысу үшін 500-ден астам үміткер өздерінің дауыстарын жіберіп, талапкер атанған болатын. Сол 500-дің ішінен тек 20-сын таңдап алдық. Көптеген талантты жұлдыздардың бағын ашатын байқау бұл. Біздің осы өткізіп отырған байқауымызға Мәдениет және спорт министрлігі үлкен қызығушылық білдіріп, сыйлық беріп отыр. Оның бірі – халықаралық байқауға жолдама.

Хабар 24 телеарнасы