387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Ұлы дала хикаялары» атты көрме ашылды

  • 304
  • UPD: 10:48, 16.07.2019
Талдықорғанда «Ұлы дала хикаялары» атты көрме ашылды

Мәдени шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұйымдастырылып отыр. 

Оған елімізде және шетелде танымал қылқалам шеберлерінің 100-ден астам туындысы қойылған. Көрермендер назарына  батырлардың суреті салынған жастықтар ұсынылды. Көпшілік бесіктердің жиынтығын көріп,  оған қатысты ырым-тыйымдармен таныса алады.  Әр түрлі картиналармен бұйымдардың өзіндік мән-мағынасы бар. Әрқайсысы қазақ халқының  таным-түсінігі, салт-дәстүрі жайлы мол мағлұмат береді. Осымен 3-ші  қалада өткізіліп отырған көрме, тамыздың 13-не дейін жалғасады. 

Ысмаил Баялиев, суретші:

- Шамамен 7 метрлік инсталяция. Аттың басы шамамен  5 метр. Бұны жасап жүрген себебім, қазақта қазір киіз үй деген ұғымнан шығып кеткен. Мерейтойлар болмаса, мен соны өнер ретінде көрсеткім келеді. Қазақтың киіз үйі деген сияқты.

Хабар 24 телеарнасы