389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында Мақатаев оқулары өтті

  • 328
  • UPD: 11:38, 16.07.2019
Алматы облысында Мақатаев оқулары өтті

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылында Мақатаев оқулары өтті.

«Қазақтану» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Жетісу жерінде тұрып жатқан 18 бен 35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдері қатысты. Ақынның өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп оқу сайысында,.. Панфилов аудунанының тұрғыны Дильназ Шарипова бас жүлдені жеңіп алды. Қарасазға бұған дейін өткен байқаулардың жеңімпаздары да шақыртылды. Олар шеберлік сағатын өткізіп, жастарға «өлең - сөздің патшасын» қалай мәнерлеп оқуды және көрерменге әсерлі етіп жеткізудің қыр-сырын үйретті.  

Дильназ Шарипова, Мақатаев оқуларының жеңімпазы:

- Жалпы осы қазақ әдебиетіне деген махаббатым арқылы, поэзияға деген махаббатым арқылы өлеңге деген құштарлығымды ашқан осы Мұқағалидың өлеңдері болатын. Сол үшін де мен өте қуаныштымын!

Тәңірберген Қасымберкебаев,  облыстық «достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» директоры:

- Жалпы өте жақсы форматта өткен шара болды. Бұл шараны біз ары қарай жалғастыра береміз. Тәрбиелігі көп, қазақтың мәдениетін, тілін, поэзиясын игеруге атсалысатын жұмыс деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы