386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының Шәлкөде жайлауында «Қымызмұрындық – 2019» шарасы өтті

  • 238
  • UPD: 15:42, 16.07.2019

Алматы облысының Райымбек ауданындағы Шәлкөде жайлауында «Қымызмұрындық – 2019» шарасы өтті.

Асқар таулары аспанмен астасқан, табиғаты мал мен жанға жайлы бұл өңірдің қымызының дәмі ежелден тіл үйіреді. Желіге құлын байланып, сары саба мен қара күбі аққа толатын мезгілде атап өтілетін тойдың көркін балуандар күресі мен бәйге, қыз қуу, теңге ілу сияқты ұлттық ат спорты түрлерінен өткен ойындар аша түсті. Аты аламанда алдына қара салмай, бірінші келгендер жүлдеге тігілген темір тұлпарлардың кілтіне ие болды. Бұл өңірдегі қой саны қазіргі уақытта 300 мыңға, ірі қара 60 мыңға, ал жылқы саны 40 мың басқа жеткен. Хан Тәңірінің баурайында отандық ғалымдардың қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған семинар-кеңес те ұйымдастырылды. Былтыр «Қымызмұрындық» көршілес Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында өткен болатын.

Тәңірберген Қасымберкебаев, Алматы облыстық «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» директоры:

- Биылғы жылғы ерекшелігі – облыстың әр этносының өкілдерін, жастарды, әсіресе, осы қазақ халқының «Қазақтану» жобасы аясында қымыз мерекесі қалай өтеді, қымыз қалай дайындалады, оның пайдасы, оның денсаулыққа қаншалықты зор екендігі осы жерде көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы