388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырымбек Көшербаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Элизабет Тұрсынбаеваға жолдады

  • 400
  • UPD: 12:16, 17.07.2019
Қырымбек Көшербаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Элизабет Тұрсынбаеваға жолдады

Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады. «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын кішкентай Ләйлімнен қабылдап, өзі де жалғастырғанын білесіздер. Бұл бастама қазір жалпыхалықтық сипат алды. Тағылымды эстафетаны әйгілі өнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алған Президент Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы ақынның масылдық туралы ой-пікірлерінен үзінді оқып, қазақ ғылымының майталмандары, академиктер Төрегелді Шарманов пен Асқар Жұмаділдаевқа және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваға жолдады», - деді Берік Уәли.

Хабар 24 телеарнасы