386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәдениет министрі елімізді әлемге танытып жүрген жас әншілермен кездесті

  • 226
  • UPD: 15:24, 17.07.2019
Мәдениет министрі елімізді әлемге танытып жүрген жас әншілермен кездесті

Халықаралық ән байқауларында топ жарып, еліміздің атын әлемге танытып жүрген жас әншілер бүгін министрмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде күні кеше «Славаян базары» фестивалінің жеңімпазы болған Әділхан Макин де бар. Ақтоты Райымқұлова олардың еңбегін ерекше атап өтіп, жетістіктерімен құттықтады. Құзырлы ведмоство алдағы уақытта да осындай жас таланттардың жолын ашып, әлемдік сахналарда бағын сынауға қолдау жасайтынын атап өтті.

Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын дәл осы «Славаян базары» байқауында Димаш Құдайберген Гран-приді жеңіп алса, 2017 жылы Ернар Садырбай бірінші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде жеңіс жолы биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Еліміздегі жастар жылындағы үлкен жетістікті алып келдіңдер. Еліміздің жарқын болашағысыздар. 00:39 Өнерде үлкен дара жолдарыңда алғаш халықаралық деңгейде қадам жасап жатсыздар.

 

Хабар 24 телеарнасы