386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде 3 мың өрен «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтады

  • 247
  • UPD: 09:50, 18.07.2019
Сыр өңірінде 3 мың өрен «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтады

«Тұлпар мініп, ту алған» байқауына қатысуға Сыр өңірі бойынша 3 мыңға жуық оқушы, 1,5 мыңдай мұғалім өтініш білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олар қызу дайындыққа кірісіп кетті. «Қобыланды батыр» жыры секілді ұлттық әдебиеттің жауһар қазынасын бойына сіңірген өрендер елжанды тұлға болып қалыптасары анық. Ұйымдастырушылардың айтуынша, лироэпостық туындыларды оқу арқылы баланың тілдік қоры молайып, көркем ойлау және есте сақтау қабілеті арта түспек. 6-10 сынып оқушыларының арасында өтетін республикалық байқауға қатысушылар 132 бет, 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып жарысуда. Әдебиетші, фольклортанушы ғалымдар қисса-дастан ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, жас өскін санасына тоқылуына сеп болып отыр.

Балалар туралы мәлімет Qazaq-epos.com сайтына апта сайын енгізіледі. Байқаудың аудандық, қалалық іріктеу кезеңдері қыркүйек айының ортасында, ал облыстық кезең қыркүйектің соңында өтеді. ОйЫ тұнық, тілі орамды байқау жеңімпаздарына 1 миллион теңгеден беріледі.

Сайора Ким, байқауға қатысушы:

- Елуге жасы келгенде,

 Көзім ашпай дүниеден

 Өтемін бе дегенде

 Сонда көрген арыстан.

 Бір ұл, бір қыз атадан:

 Қыздың аты Қарлығаш,

 Қобыландыға қарындас.

 Алты жасқа келгенде

 Арыстан туған Қобылан

 Қазынадан қамқа киеді.

 Өзімнің еншім болсын деп,

 Тобылғы меңді торы атты

 Енші қылып мінеді.

Серік Сейітман, ұлттық байқаудың ресми өкілі:

Балалардың жазғы демалысында өтуі тиіс болған байқау оқу жылының басына ысырылды. Былтырғы оқу жылында 5-сынып оқыған бала ендігі оқу жылында 6-сынып оқиды қыркүйекте. Олар қатыса алады ма деген сұрақ туындайды. Қатыстырылады. Өткен оқу жылында 10-сынып оқыған бала қыркүйекте 11-ге өтеді. Олардың өтініштері күйіп кетпейді. 9-сыныпты бітіріп, колледжге түсіп кеткен балалардың да өтініштері күйіп кетпейді.

Хабар 24 телеарнасы