386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай туралы көркем фильм түсіріледі

  • 236
  • UPD: 13:53, 18.07.2019

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 500-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаралар халықаралық деңгейде өткізіледі. Ақынның шығармалары әлем тілдеріне аударылып, жарыққа шығады. Сондай-ақ «Абай» көркем фильмі түсірілмек. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ақынның мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Гүлшара Әбдіқалықова жиында «Ақынның мерейтойын тойлау бұл халықтың рухани адамгершілігінің дамуына бағытталған ауқымды оқиға болмақ», - деп атап өтті. Отырыс барысында Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Мұрат Әуезов, жазушы:

– Қара сөздері, ақындығы не болмаса әндері Абайдың сегіз қырлылығын көрсетеді. Қазақ ұлты, елі тұрғанда Абайдың есімі еш уақытта өшпейді.

Роллан Сейсенбаев, жазушы:

– Абай кітаптарын бүгінде үлкен шетелдік аудармашылар аударып жатыр. Америкада Абай атамызды әлем классиктерінің қатарына кіргізіп, сол жақтың бір баспасы өз ақшасына аударып шығарғалы жатыр.

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Премьер-министрдің орынбасары өткізген бұл отырыста алдағы мерейтойдың жай-жапсары атқарылатын істің ауқымы айқындалды. Атқарылатын істердің ішінде ең үлкені бұл – біздің өз ішімізде, өз жүрегімізде атқарылу керек деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы