386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әділхан Макин жерлестерімен кездесті

  • 222
  • UPD: 22:48, 18.07.2019

Халықаралық ән байқауында жұлдыздай жарқыраған Әділхан Макин туған жері Солтүстік Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел мерейін асырып, өнерімен жұртшылықты өзіне қаратқан әншіні туған-туыстары, алғашқы ұстаздары және кейінгі ізбасарлары тік тұрып қошеметтеп қарсы алды.

Естеріңізге сала кетейік, Әділхан Беларусь елінде өткен «Славян базары-2019» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған болатын. Қазақ өнерін асқақтатқан азаматқа жерлестері өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, алдағы шығармашылығына табыс тіледі. Сондай-ақ облыс әкімі жеңімпазға ақшалай сыйақысын табыстады.

Әділхан Макин, «Славян базары-2019» фестивалінің гран-при иегері:

– Туыстарымызға, менің ұстаздарыма, барлықтарыңызға көп-көп рақмет. Әлі бұл бастамасы болсын. Әлі талай жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Ең бірінші осындай жобадан кейін туған жеріме келіп, үлкендерден бата алғым келеді. Алдағы жоспарым әндер жазамыз. Репертуармен жұмыс істейміз. Өте мұқият қадағалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы