386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


#Abai175 челленджін Қазақстан халқы Ассамблеясы жалғастыруда

  • 732
  • UPD: 15:23, 20.07.2019

Кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны Қазақстан халқы Ассамблеясы жалғастыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыда түрлі ұлттың өкілдері де ұлы ойшылдың шығармаларынан үзінділер оқыды. Ең үздік видеолардың авторларына Абайдың қарасөздері кітабы сыйға тартылды. Эстафета авторы 9 жасар оқушы екенін естеріңізге сала кетейік. Ол сүйікті ақынының өлең шумақтарын оқып, эстафетаны ел президентіне жолдаған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев эстафетаны қабыл алып, одан ары жалғады. Осылайша эстафета кең құлаш жайды. Абай Құнанбайұлының мерейтойы келесі жылы өтеді. Бірақ биылдан бастап салтанатты шараға дайындық жүріп жатыр.

Жансейіт Түймебаев, ҚХА Төрағасының орынбасары:

– Қазір ассамблея да көптеген шараларды дайындауда. Келесі жылы ассамблея Абайға арналған конференция өткізуді жоспарлап отыр. Сонан соң Абай жайлы басқа ұлт өкілдерінің мақалалары, өлеңдерін жариялау. Үшіншіден, Абайдың туған жеріне арнайы экспедиция жасау. Мінеки, осы сияқты іс-шараларды өткіземіз. Ең бастысы, Абай шығармаларын білу арқылы бүкіл Қазақстанды тану, қазақ халқын тану деген мақсат.

Хабар 24 телеарнасы