384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде Байқоңыр жайлы спектакль көрсетілді

  • 476
  • UPD: 15:21, 20.07.2019

Мәскеудегі бесінші халықаралық өнер фестивалі аясында басты бес премьера белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қазақстандағы тәуелсіз АРТиШОК театрының қойылымы енді. «Байқоңыр» деп аталатын көше спектаклін қазақстандық труппа Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі алаңында қойды. Жоба петербургтік инженерлік театрымен бірлесе жасалыныпты. Ресейлік бұл театр өз қойылымдарында бірегей инженерлік құрылымдарды қолданумен ерекшеленеді екен. Жалпы, бұл қойылым Байқоңыр мифологиясын өзінше зерттеуімен ерекшеленді. Нөсер жауынға қарамастан, ашық аспан астында өткен қойылымға келген халықтың қарасы көп болды. 

Виктория Мұхамеджанова, актриса:

– «Байқоңыр» – біздің сүйікті спектакліміз. Оны осыдан екі жыл бұрын дайындаған болатынбыз. Және дәстүр бойынша бұл туындыны әр жаз мезгілі сайын бір рет сахналап тұрамыз. Алғаш рет қойылымды өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында қойған едік. Кейін Алматыдағы трамвай депосы аумағында сахналанды. Ал биыл, міне, Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде ұсынылып отыр.

Надежда Иванова, көрермен:

– Алғашында фестиваль ақылы әрі өте қымбат деп ойладым. Бірақ кейін мұқият танысқанымда, көптеген тегін шаралардың барын білдім. Содан Мәскеуде бола тұра мұндай керемет қойылымдарға неге бармасқа деп шештім. Мен ARTиШОК-пен бұрыннан таныспын. Және солар үшін арнайы келіп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы