386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЮНЕСКО ғалымдары Ертіс өңіріндегі тарихи ескерткіштерді зерттемек

  • 182
  • UPD: 10:02, 23.07.2019

ЮНЕСКО халықаралық ұйымының ғалымдар тобы Ертіс өңіріне келіп жетті.

Шетелдік сарапшылар «Ұлы даланың тарихы және мәдениеті» бағдарламасы шеңберінде облыстағы тарихи ескерткіштерді зерттемек. Экспедиция аясында ғалымдар алдымен Павлодар қаласындағы Марғұлан орталығында болды. Зерттеушілер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Бүгінде кешенді археологиялық қазба жұмыстары өңірдің бірнеше ауданында қатар жүргізілуде. Қимақ-қыпшақ кезеңіндегі көшпенділердің тұрмысы, рухани және материалдық мұралары тыңғылықты зерттелуде. Жуырда орталық жанынан халықаралық «Ұмай» көне технологиялар зертханасы мен «Ақинақ» тарихи әскери реконструкциялау клубы ашылды. Бір сөзбен айтқанда, өңір ғалымдарының әлемдік қауымдастыққа паш етер бірегей жәдігерлері мен ескерткшітері көп. Халықаралық экпедиция Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Сақ қорғандары мен қасиетті жерлерді аралайды.

Айта кетейік, бүгінде аймақтағы қасиетті жерлер картасына енгізілген 60-тан астам нысанның төлқұжаты әзірленіп, мағлұматтар жүйелендірілді.

Токо Фудзимото, этнограф, Киото университетінің профессоры /Жапония/:

– Мәдени мұра ретінде маңызды жерлер өте көп деп ойлаймын. Қазақтың тарихы ретінде де өте үлкен рөл ойнаған кісілер осы Баянауыл ауданынан, Павлодар облысынан шыққан. Енді соны зерттеуді жалғастыру қажет деп ойлаймын. Бұл тек Павлодар облысының халқы үшін ғана емес, қазақтар үшін, әлем ғылымы үшін де маңызды.

Анна Мария Вильмено, әлеуметтік антрополог /Бельгия/:

– Әлем ғалымдары үшін көшпенділер өркениеті, олардың мәдениеті, тұрмысы, қалдырған мұрасы аса қызық. Ертіс өңірінде бірегей ескерткіштердің барынан хабардармыз. Енді этнография, антропология тұрғысынан зерделеп, өз көзімізбен көргіміз келеді. Менің ойымша, осы өңірде әлемдік деңгейдегі маңызы бар тарихи орындар жетерлік.

Хабар 24 телеарнасы