386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайдың 175 жылдығына орайластырылған эстафета Францияда жалғасты

  • 308
  • UPD: 14:25, 24.07.2019
Абайдың 175 жылдығына орайластырылған эстафета Францияда жалғасты

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Шынар Шәкенова бастаған эстафета Париждегі елшілікке табысталған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абай өлеңдерін оқуға дипломаттарымыз да белсенді атсалысты.

Бұл шара Париждің көрікті жерлерінде өткен. Елшілік қызметкерлері эстафетаны қазақ тілін меңгеріп жүрген француз аудармашысына табыстап, осыдан кейін марафонға Франция әдебиетінің құрметті профессоры Альбер Фишлер қатысты.

Шарль Снежко, шараға қатысушы:

– Қазақ тілін үйреніп жүргеніме бір жарым жылдай болды. Сол себептен Абай құрметіне ұйымдастырылған жарысқа қатыстым. Тіл меңгеруде біраз жетістікке жеттім, ойымды білдіре аламын. Алайда әдеби тілде сөйлеп, Қазақстан мәдениетін терең білгім келеді. Тіл үйренгенде, мәдениетті де зерттейсің, сондықтан бұл мен үшін қажет дүние.

Хабар 24 телеарнасы