384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаштың елордадағы концертін тамашалаған шетелдіктер елімізге тағы келгісі келеді

  • 293
  • UPD: 14:37, 25.07.2019

Димаштың Нұр-Сұлтандағы концертін көрген Франциядағы жанкүйерлер клубының мүшелері Қазақстанға қайтып келмек ойда.

Олар әншінің концертінен кейін Алматы қаласында болып, оның көрікті жерлерін тамашалап қайтқан. Француздар әсіресе қазақстандықтардың ақпейілділігі мен еліміздің әсем табиғаты үлкен әсер еткенін айтады.

Сандра Скамарони, Димаш Құдайбергеновтың жанкүйерлері клубының әкімшісі:

- Қазақстанда өзіміздің елімізде жүргендей сезіндік. Ол жақта бізді өте жақсы қарсы алды. Қазақ елі әсем табиғатымен және халқының қонақжайлығымен есте қалды. Сондықтан Қазақстанды қайта барып көргіміз келеді.

Сильви Гальдеано, Димаш Құдайбергеновтың жанкүйерлері клубының мүшесі:

- Мен сіздің еліңізді Димаш арқылы таныдым. Оның Қазақстанды келіп көруге шақыруы өте дұрыс. Себебі сіздің елдің тарихы, мәдениеті бай. Батыста біз өзіміздің тамырымызбен байланысты жоғалтып алдық десек болады. Ал Қазақстанда ұлттық киім киіп, ат мініп жүрген адамдарды көрдік. Мұны сақтау керек.

Хабар 24 телеарнасы